Меню
Байланыс
Адрес: ВКО, Жарминский район, Шарская г.а., город Шар, ул. Амангельды, 1
Телефон: 8 (72345) 2-19-73
E-mail: shar_kollege@mail.ru
Пайдалы сілтемелер

Жұмыспен қамту

2018-2019 оқу жылы бойынша колледж бітіруші түлектердің жұмыспен қамтылу мониторингі

            Жоғарыдағы диаграмма негізінде түлектердің жұмыспен қамтылу жұмысы бойынша төмендегідей талдау жасалды.

2018-2019 оқу жылында колледжді 5 мамандық бойынша 65 студент бітірді. Оның ішінде «Ветеринарлық фельдшер» біліктілігін 12 түлек бітіріп, оның 11-і жұмысқа орналасып, 1-уі оқуды жалғастырды. Топтың жұмыспен қамтылу пайызы 100%, жалпы колледж бойынша 20% құрайды. «Ауылшаруашылығының тракторист-машинисі» біліктілігі бойынша бітірген 18 түлектің 14-і жұмысқа орналасып, 3-уі оқуды жалғастырды – ол 94,4%-і құрап, жалпы колледж бойынша 19,6% көрсетті. Бұл жылы колледжді 14 «аспазшы» бітіріп, оның 10-ы жұмыспен қамтылып, 2-уі оқуды жалғастырды нәтижесінде бұл мамандық бойынша жұмыспен қамтылу 85,7%-і құрап, колледж бойынша 14,3% -і көрсетті. «Техник-механик» біліктілігін 10 түлек алып шығып, оның 9-ы жұмыспен қамтылды, осылайша 90% көрсетіп,  колледж бойынша 18% -і құрады. Колледжді 11 «электрогазбендәнекерлеуші» бітіріп, оның 7-уі жұмысқа орналасып, 3 оқуды жалғастырды, сөйтіп 100% жұмыспен қамтылып, колледж бойынша 20% көрсетті. Жалпы колледж бойынша бітіруші 65 түлектің 51-і жұмысқа орналасып, 9-ы оқуды жалғастырып, жұмыспен қамтылу пайызы 92,2%  көрсетті.

 

 

2019-2020 оқу жылы бойынша колледж бітіруші түлектердің жұмыспен қамтылу мониторингі

Жоғарыдағы диаграмма негізінде түлектердің жұмыспен қамтылу жұмысы бойынша төмендегідей талдау жасалды.

2019-2020 оқу жылында колледжді 7 мамандық бойынша 74 студент бітірді. Оның ішінде «Құстар мен жануарларды жасанды ұрықтандыру» біліктілігін 10 түлек бітіріп, оның 3-уі жұмысқа орналасты. Топтың жұмыспен қамтылу пайызы 30%, жалпы колледж бойынша 4% құрайды. «Ауылшаруашылығының тракторист-машинисі» біліктілігі бойынша бітірген 13 түлектің 8-і жұмысқа орналасты және ол 61,5%-і құрап, жалпы колледж бойынша 8,7% көрсетті. Бұл жылы колледжді 11 «аспазшы» бітіріп, оның 8-і жұмыспен қамтылды нәтижесінде бұл мамандық бойынша жұмыспен қамтылу 72,7%-і құрап, колледж бойынша 10,3% -і көрсетті. «Автокөлік жөндеуші слесарі» біліктілігін 7 түлек алып шығып, оның барлығы жұмыспен қамтылды, осылайша 100% көрсетіп,  колледж бойынша 14,2% -і құрады. Колледжді 11 «электрогазбендәнекерлеуші» бітіріп, оның 1-уі жұмысқа орналасты сөйтіп 9% жұмыспен қамтылып, колледж бойынша 1% көрсетті. Сол сияқты 15 түлек аяқтап, оның 1-уі ғана жұмыспен қамтылған «тігіншілер» де колледж бойынша 1%-тік көрсеткішке ие болды. Осы оқу жылында алғашқы рет оқытылған «Эксковатор машинисі» біліктілігін 7 түлек бітіріп, оның 2-уі жүмысқа орналасты – ол 28%-ін құрап, колледж бойынша небәрі 4%-і көрсетті. Жалпы колледж бойынша бітіруші 74 түлектің 30-ы жұмыспен қамтылып, биылғы көрсеткіш 40,5%-і  құрады. Түлектердің жұмыспен қамтылу көрсеткіші өткен оқу жылымен салыстырғанда 2,2 есеге төмендеді.

 

2018-2019
2019-2020