Меню
Байланыс
Адрес: ВКО, Жарминский район, Шарская г.а., город Шар, ул. Амангельды, 1
Телефон: 8 (72345) 2-19-73
E-mail: shar_kollege@mail.ru
Пайдалы сілтемелер

"Мектепке жол" акциясы

Колледжімізде Республикалық "Мектепке жол" акциясы аясында дәстүрлі іс-шара өткізілді. Колледжде жұмыс істейтін қызметкерлердің мектеп табалдырығын алғаш аттайтын балаларына мектепке қажетті құрал-жабдықтарын табыстау рәсімі өткізілді. Акцияға - сыныпқа баратын Ермухамет Алуа, Пышақбаева Аяулым, Камаданова Ақерке, Әскербек Қуаныш шақырылды.

Іс-шара Қазақстан Республикасының гимнімен ашылып, колледж директоры С.К.Саршановтың құттықтау сөзімен басталды. Сондай-ақ акцияға Шар қаласының әкімшілік маманы Табулдинов Нұрлан Манапұлы қатысып, бүлдіршіндерді білім жолындағы алғашқы қадамдарын құттықтады. содан кейін балаларға колледж әкімшілігі тарапынан ішіне мектепке қажет құралдар салынған сөмке сыйлыққа берілді. Директордың орынбасарлары М.К.Дүзбаев пен А.Ж.Тлеубердинова да ата-аналар мен балаларға тілектерін білдірді.

Іс-шараны 1-сыныпқа баратын бүлдіршіндер өздерінің жаттаған тақпақтарымен аяқтады. Акция аясында өткізілетін бұл шара колледжімізге дәстүрге айналды.