Меню
Байланыс
Адрес: ВКО, Жарминский район, Шарская г.а., город Шар, ул. Амангельды, 1
Телефон: 8 (72345) 2-19-73
E-mail: shar_kollege@mail.ru
Пайдалы сілтемелер

ШҚО білім басқармасымен ауыл шаруашылығын оқытудағы арнайы пәндер оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің жоспарына сәйкес «Топырақты өңдеу» тақырыбындағы «Үздік практикалық бейнесабақ» облыстық қашықтық байқауы өткізілді.

ШҚО білім басқармасымен ауыл шаруашылығын оқытудағы арнайы пәндер оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің жоспарына сәйкес Катонқарағай аграрлық-техникалық колледжімен бірлесіп, 2021 жылғы 25 мамырда ауыл шаруашылығы бағытындағы арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері арасында «Топырақты өңдеу» тақырыбындағы «Үздік практикалық бейнесабақ» облыстық қашықтық байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты: заманауи білім беру технологияларын пайдалана отырып, арнайы пәндер бойынша үздік практикалық бейнесабақтарды анықтау және мадақтау, қашықтан оқытуды ұйымдастыру мүмкіндіктерін кеңейту үшін дағдылар мен әдістемелерді көрсету.
Облыстық қашықтық байқауының қорытындысы бойынша келесі жүлделі орындар анықталды:
1 орын - Нургазин Кайыркельды Мухтарович (Катонқарағай аграрлық-техникалық колледжі);
2 орын - Қалиолдаев Думан Ержанұлы (Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжі);
3 орын - Скаков Алдаш Купанович (Жарма технология колледжі); Төлеубеков Біржан Айдарбекұлы (Күршім колледжі).
Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!

2021-06-07_11-19-34