Меню
Байланыс
Адрес: ВКО, Жарминский район, Шарская г.а., город Шар, ул. Амангельды, 1
Телефон: 8 (72345) 2-19-73
E-mail: shar_kollege@mail.ru
Пайдалы сілтемелер

Жолсілтеуші

                                       

                                       Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы

                                             «Жарма технология колледжі»КММ

                                                               Шар қаласы

                      

   «Жарма технология колледжі» КММ cтудентінің анықтамалық - жолсілтеушісі

 

Анықтамалық-жолсілтеуші Жарма технология колледжінің басқару құрылымы, мамандықтар, ішкі тәртіп ережесі, кітапхананы пайдалану ережесі туралы жалпы мәліметтерді қамтиды. Анықтамада оқу процесін ұйымдастыру, аралық аттестаттау мен емтихан сессиялары бойынша негізгі талаптар, студенттерді ауыстыру, шығару, қайта қабылдау  механизмі және т.б. жайлы ақпарат берілген.

Анықтама-жолсілтеуші Жарма технология колледжіне түсуші талапкерлер мен студенттеріне арналған.

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

1.       

Алғы сөз

 

2.       

Колледж туралы жалпы мәлімет

 

3.       

Жарма технология колледжінің басқару құрылымы.

 

4.       

Білім алушыларға қажет нормативтік құжаттардың сілтемелері.

 

5.       

Шәкірақы мен оқу төлемақысының тәртібі

 

6.       

Студенттерге арналған ереже

 

7.       

Типтік оқу жоспарының кестесі

 

8.       

Өндірістік оқыту және кәсіптік практиканың түрлері

 

9.       

Өндірістік оқыту және кәсіптік практиканың графигі

 

10.   

Дәрісхана атаулары

 

11.   

Үйірме, секция, факультативтер

 

Құрметті талапкер!

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кәсіптік-техникалық және орта білімнен кейінгі білімді жаңғырту департаменті еліміздің еңбек нарығына қажетті кәсіби мамандар даярлауға көшуі бағытында қомақты жұмыстар атқарып отыр. Тың өзгерістерге бет бұра бастаған техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі де қазақстандық экономикалық дамуға өз үлесін қосуда. Бүгінгі уақытта нақты мамандыққа бейімделген, заманауи технологиялар мен инновациялық - ақпараттық әдіснамаларды, акмеология мен аксеология саласындағы жаңалықтарды тиімді игеруде жұмысшы мамандарды даярлайтын білім мекемелері прогрессивті даму потенциалын көрсетіп келеді.

Сіздер кәсіби білім жүйесіндегі ауқымды өзгерістерімен, еліміздің жаңарып жатқан үдерісімен бірге өсіп, жетіліп келе жатқан оқу мекемесін таңдадыңыздар. «Жарма  технология колледжі» КММ-сі бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау, оқу-тәрбие процесінің сапасын көтеру бағытында белсенді жұмыс атқаруда.

Сіздердің білім алуларыңызға тиімді жағдай жасау үшін колледждің материалдық-техникалық базасы үнемі жетілдіріліп, оқу үдерісінде білім беруге арналған заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялар кең түрде пайдаланылады. Оқытушылардың шығармашылық әлеуеті мен оқу мекемесінің материалдық - техникалық базасы білім беру қызметінің аясын кеңейтуге мүмкіндік береді.

              Колледждің тәрбиелік іс шаралар нысаны тұлға бойында жалпықазақстандық менталитет, мәдени, ұлттық-тарихи дәстүрлер ескерілген ұлттың зияткерлік, рухани және шығармашылық әлеуетін жаңғырту, азаматтық, ізгілікке бағдарланған дүниетаным қалыптастыру. Колледжде  150 орындық асхана және басқа аудандар мен ауылдардан келіп оқитын студенттерге арналған 120 орындық жатақхана бар.

Жеке тұлға тәрбиесін ізгілендіру - бүгінгі заманның басты талабы. Ұлт келешегі әлеуметтік сананың сапасына, рухани дамудың дәрежесіне тікелей байланысты. Колледжде студенттердің білім сапасына айрықша мән бере отырып, олардың инновациялық ойлау қабілетін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Оқу орнының басты мақсаты – кәсіби білім беру жүйесін озық методологиямен ұдайы жүйелеп отыру, білім берудегі жетілген дағдылар түрін меңгерген білікті мамандарды даярлау.

Сапалы білім – жарқын болашаққа жетелейтін жол. Сіздер колледждің  ізденімпаз, жаңалыққа бейім ұстаздарынан білім ала отыра, қоғамдағы азаматтық бағдары нық жеке тұлға, креативті, жаңа формациялы маман ретінде қалыптасуға мүмкіндіктеріңіз мол. Сіздерді колледж өміріне белсене араласады деп сенеміз. Колледж  оқытушылары  сіздердің студенттік өміріңіздің сан қырлы болуына барлық жағдай жасайды. Біз сіздердің шығармашылық және интеллектуалдық мүмкіндіктеріңіздің іске асуына көмектесеміз.

 

 

 

 

С.К.Саршанов

 «Жарма технология колледжі » КММ директоры

 

 

 

 

 

 

 

Колледж туралы жалпы мәлімет

 

Шар қаласындағы «Жарма технология колледжі» КММ-сінің іргетасы Қазаншұңқыр ауылындағы училищенің бөлімшесі ретінде 1959 жылы қаланды. 1960 жылы Шар қаласында ҚазССР Министрлер кеңесінің бұйрымен ауыл шаруашылық мамандарын даярлайтын №161 училищесі борлып ашылды.

Ауылды елді мекендерде ауыл шаруашылығын қажетті мамандармен қамтамасыз етуде , жастарға кәсіптік білім беруде, бұл оқу орны еліміздің экономикасының дамуына орасан зорп үлес қосуда.

         Алғашқы берілген мамандықтар: «Кең көлемді тракторист-машинист», «Аспазшы-есепші», «Тігінші», қысқа мерзімде оқытылатын «ВС» категориялы жүргізуші, «Механизатор»

         Қызметі осылай басталған білім ошағының әр дәуірге сәйкес өзгеру, өсу жолына түскен күні бүгінге дейінгі ғұмырбаяндық анықтамасын қысқа тұжырымдап шықсақ, төмендегідей деректер тізбегі пайда болар еді.

1960 жылы, №161 орта кәсіптік училище.

1984 жылы, №21 орта кәсіптік-техникалық училище.

1996 жылы, №21 кәсіптік-техникалық мектеп.

2005 жылы, №21 кәсіптік мектеп.

2009 жылы, №4 кәсіптік лицей.

2012 жылы,   оқу орнының атауы Жарма технология колледжі болып ауыстырылды.

Колледж Мемлекеттік лицензия бойынша ауыл шаруашылығына қажет кадрларды келесі мамандықтар бойынша күндізгі оқыту түрінде даярлайды.

Шифр және  мамандықтын атауы

Біліктілігі

Оқу мерзімі

9-сынып

11-сынып

1.       

1520400 «Фермер шаруашылығы»

1504062 «Ауыл шаруашылық өндірісіндегі тракторшы-машинист»

3жыл

10 ай

 

2.       

1510000 «Ауыл шаруашылығын механикаландыру»

1510043 «Техник-механик»

3жыл

6 ай

 

3.       

1114000 «Дәнекерлеу ісі»

1114042 «Электр газымен дәнекерлеуші»

 

10 ай

4.       

1201000 «Ветеринария»

1513022 «Жануарлар мен құстарды жасанды ұрықтандыру операторы»

3жыл

10 ай

 

5.       

1201000 «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану»

1201072 «Автокөлікті жөндеу сласері»

2жыл

10 ай

 

6.       

1500000 «Фермер шаруашылығы»

1504042 «Аспазшы»

2жыл

10 ай

 

«Жарма технолгия колледжі»КММ-нің

Басқару құрылымы

1.      

Саршанов Серкали Калиевич

 

 

Колледж директоры

тел: 2-19-73, ұялы:87758438327

2.      

Дузбаев Меир Каримович

Директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары

3.      

Тлеубердинова Алия Жумагалиевна

 

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

4.      

Адилов руслан Узимханович

Директордың іс тәжірибе  жөніндегі орынбасары

5.      

Нургалиев Болат Камзаевич

 

Директордың оқу- тәрбие жөніндегі орынбасары

6.      

Тунгатова Гульжан Слямовна

 Әдіскер

7.      

Камалиев Калихан Ескендирович

 Шаруашылық   ісі меңгерушісі

8.      

Сарбасов Саят

Бас есепші

9.      

Құсайнова Сауле Жумабековна

Телефон

Кадр бөлімі меңгерушісі

 

10.  

Нұрасыл Гүлім Оразбекқызы

Психолог

11.  

Кенжетаев Думанбек Бахиевич

ИКТ технигі

12.  

Жангелдина Лятай Парауазбековна

Кітапханашы

13.  

Жумабеков Бапын Хасенович

Алғашқы әскери дайындық жетекшісі

14.  

Игенова Ләйла

 Медбике

 

Пәндік-әдістемелік комиссия жетекшілері:

 

  1. Калиева Гүлжан Аманбековна – арнайы пәндер ПӘК жетекшісі
  2. Атанова Алия Зуюфирқызы– жалпы пәндер  ПӘК жетекшісі

 

Колледждің заңды мекен – жайы:     

 070619  ШҚО  Жарма ауданы Шар қаласы, Амангелді   көшесі,1 үй

Тел/факс: 8 (72345)2-19-76

Е-mail : sarpl-4

Сайт: sharcollege@mail.ru

 

 

 

Білім алушыларға қажет нормативтік құжаттардың сілтемелері

 

  1. ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы №19 бұйрығымен бекітілген «Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау» қағидалары. http:// adilet.zan.kz
  2. ҚР Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы №506 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру» қағидалары. http:// adilet.zan.kz
  3. ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі №200 бұйрығымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты. http:// adilet.zan.kz
  4. ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі №200 бұйрығымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты. http:// adilet.zan.kz
  5. ҚР Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығымен бекітілген (2011 жылдың 10 ақпанындағы №44 бұйрығымен өзгеріс енгізілген) «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесі».http:// adilet.zan.kz
  6. ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 18 маусымдағы №281 бұйрығымен бекітілген «Кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және техникалық және қызмет көрсететін еңбек кәсіптері (мамандықтар) бойынша біліктілікті беру қағидалары». http:// adilet.zan.kz

 

 

Шәкіртақы мен оқу төлемақысының тәртібі

 

  • Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын студенттерге, білім

беру мекемелерінде оқитын жекелеген категорияларға мемлекеттік шәкіртақы төлеу туралы Ережелерге сәйкес (ҚР БжҒМ 17.02.2008ж. бекітілген №116 және 18.07.2011ж. №815 бұйрықтары) белгілі мөлшерде (ағымдағы жыл   шәкіртақысының мөлшері ҚР «Бюджет туралы» Заңына сәйкес өзгеруі мүмкін) ай сайын төленетін мемлекеттік шәкіртақы тағайындалады. Мемлекеттік білім беру гранты бойынша түскен І, ІІ (11 сыныптан кейін) курс студенттеріне І семестрде мемлекеттік шәкіртақы тағайындалады. Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын студенттердің келесі оқу семестріне шәкіртақы өткен емтихан сессиясының қорытындысы бойынша тағайындалады және төленеді. Шәкіртақыны мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын, емтихан сессиясының нәтижесі мен білімді бақылау түрлерінің барлығы бойынша «жақсы», «үздік» баға алған, үлгерімі жақсы студенттерге тағайындайды және емтихан сессиясы өткен соң келесі айдың бірінші күнінен бастап, ай сайын төленеді.  

  • Білім беру қызметтерін көрсету туралы келісімшартқа отырған

мезеттен күндізгі оқу бөлімінің студенті ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін оқу семестрінің төлемақысын жылдық құнының 50% көлемінде төлеп, қалған соманы келесі жылдың 1 ақпанына дейін төленуі қажет.

Сырттай оқу бөлімінің студенті оқу семестрінің төлемақысын әр сессия басталғанға дейін жылдық құнының 50% көлемінде  төлеуі қажет.

Оқу курстарының төлемақыларын колледж есеп шотына «Центр кредит» төлем терминалдары мен барлық бөлімшелері арқылы төмендегі реквизиттер бойынша аударуға болады:

 

КГУ «Жарминский технологический колледж»

управления образования Восточно-Казахстанского областного   

          акимата

РНН 511700046707

БИН 990340004394

ИИК KZ15 8560 0000 0386 8471

БИК KCJBKZKX

АО «Центр кредит»

КБЕ: 16

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Студенттерге арналған ережелер

Студенттерді оқуға қабылдау және шығару тәртібі

«Жарма технолгия колледжі»  КММ-нің студентінің

Ар-намыс Кодексі

 

  Колледж оқушысы мыналарды орындауға және білуге міндетті :

 

  1. ҚР Конституциясы мен заңдарын құрметтуге және орындауға;
  2. СПК Жарғысын басшылыққа алу, Жарғыда көрсетілген ішкі тәртіп ережелеріне бағыну;
  3. Үздіксіз білім беру жүйесінде білікті маман болу үшін кәсіби әрі зияткерлік деңгейін үнемі жетілдіріп отыру;
  4. Шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайларына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, дінге, қарым-қатынасына т.б өзге жағдайларға қарамастан, адамның және азаматттың ар-намысы мен қадір –қасиетін құрметтеуге;
  5. Сыпайы және әдепті болуға, моральдық-этикалық нормаларды сақтауға тиіс. Өзінің мінез-құлқымен, іс-әрекеттері арқылы көпшілікке үлгі болуы керек.
  6. Айтылған сынды дұрыс қабылдау, қателігін мойындау және түзеу, тәуелсіз де адал болу, әрдайым төзімділік таныту;
  7. Мемлекеттің жүргізіп отырған саясаты мен қоғамға қарсы ақпарат таратуға, жиналыстар мен шерулерге, пикеттерге, акцияға қатысуға жол бермеу;
  8. Білімін, танымдық деңгейін кеңейтіп, оқудағы бастамашылдық, іскерлік, орындаушылық қабілетін үнемі шыңдап отыру;
  9. Колледждегі спорттық шараларға белсенді қатысу және спортпен шұғылдану, салауатты өмір салтын ұстану;
  10. Колледж мүлкіне жанашырлықпен қарау, таза және күтіп ұстау, сақтау;
  11. Колледж студентіне лайық киіну;
  12. Ар-намыс кодексін бұзу - «Жарма технолгия колледжі» КММ-нің студентіне лайықты емес іс.
  13. Әрбiр бала Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандығын, ар-ожданы мен қадiр-қасиетiн, Республиканың мемлекеттiк нышандарын құрметтеуге, еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға, тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қам-қарекет жасауға, тарих және мәдениет ескерткiштерiн сақтауға, табиғатты сақтауға және табиғи байлықтарға ұқыпты қарауға мiндеттi.

Колледж студентіне қойылатын бірыңғай талап

Е Р Е Ж ЕС І

І. Жалпы  ережелер

1.1 Осы Ішкі тәртіп ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Жарма технолгия колледжі»  КММ

 (бұдан әрі – колледж) оқу тәртібін реттейтін негізгі ішкі нормативтік актісі болып табылады.

 

Колледждің ішкі тәртіп  Ережесін оқу орнында оқитын білім алушылар орындауға міндетті.

  1. Білім алушылардың негізгі құқықтары

Колледж білім алушыларының  құқығы:

2.1. Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес білім алуға;

2.2. Өзінің адамдық қадір-қасиеттерін сақтауға, ар-ұждан мен ақпараттық еркіндікке, жеке  көзқарастары мен ой-пікірлерін білдіруге;

2.3. Колледждің қызметіне қатысты маңызды мәселелерді талқылау мен шешуге, оның ішінде  қоғамдық жастар ұйымдары мен колледжді басқару органдарына сайлау мен сайлануға;

2.4. Колледждегі кітапхана, ақпараттық қорлар, сондай-ақ білім беру, медициналық, өзге де   құрылымдардың қызметтерін ақысыз  пайдалануға;

2.5. Барлық шығармашылық жобалардың түрлеріне, ғылыми-зерттеу жұмыстары, конференциялар, жиналыстар, байқаулар мен фестивальдарға қатысуға;  жұмыстарын түрлі мерзімді баспаларға жіберуге;

2.6. Сабақ беру сапасы мен әдістері жөнінде пікірін білдіруге және оларды жақсартудың жолдары жөнінде ұсыныстар жасауға;

 

 

 

 

  1. Білім алушылардың негізгі міндеттері:

Колледж білім алушылары   міндетті:

3.1. Қазақстан Республикасының  “Білім туралы Заңында бекітілген міндеттерді орындауға.

3.2. Колледж Жарғысын, ішкі тәртіп  Ережесін сақтауға; педагогикалық Кеңес шешімдерін, директордың бұйрықтары мен нұсқауларын орындауға;

3.3. Өзге де білім алушылар мен педагог қызметкерлердің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге, басқалардың көзқарастарын сыйлауға;

3.4. Колледждің барлық оқу түріндегі білім алушылары білім алуға, тапсырмалардың барлық түрлерін белгіленген уақытта орындауға, емтихандар мен сынақтарды дәл оқу жоспары мен білім беру бағдарламаларында көрсетілген уақытта (емтихандық сессия) тапсыруға ;

   3.5. Мәдени және кәсіби деңгейлерін көтеруге;

3.6. Колледж директоры бекіткен еңбекті сақтау, техникалық қауіпсіздікті, өндірістік тазалық пен еңбек гигиенасын бақылау, өртке қарсы қауіпсіздік талаптарын сақтауға байланысты ережелер мен нұсқауларды орындауға; “Тазалық сенбіліктеріне” жүйелі түрде  қатысып тұруға;

3.7.Апатты жағдайлар мен төтенше оқиғалар жөнінде әкімшіліктің арнайы бөлімшелеріне шұғыл хабар беру және оларды болдырмау үшін қажетті шаралар қабылдауға;

3.8. Коледждің мүлкіне ұқыпты қарап, оны бүлдірмеуге, материалдық құндылықтар мен құжаттарды сақтаудың белгілі ережелерін орындауға; техникалық заттар мен қондырғыларды қажетті мақсатта қолдануға, оқу орнында  тазалық сақтауға, электр қуаты, жылу, су мен өзге де пайдалы қорларды үнемдеуге;

3.9. Этикалық талаптарға сай әрекет етуге, колледждің  іскерлік абыройына нұқсан келтірмеуге міндетті.

  1. Колледж ғимаратында қатаң тыйым салынады:

4.1.  Дауыс көтеріп сөйлеуге, балағат сөздерді қолдануға, сабақ кезінде дәлізде бос жүруге;

4.2. Біреуді қорқытып-үркітуге, дөрекі сөйлесіп, ар-намысын аяққа таптауға, ұрлық жасауға, колледждің және оның қабырғасында білім алушы немесе оқытушыларының жеке мүліктеріне қасақана зиянын тигізуге, бұзақылық жат әдет-қылыққа жол беруге (дөрекі қылық, айқайлау, түкіру);

4.3.  Оқу корпусы, жатақхана мен олардың төңірегіндегі жерлерде шылым шегуге;

4.4.  Спирттік ішімдіктерді және есірткі  заттарды қолдануға ;

4.5. Әкімшіліктің рұқсатынсыз түрлі құрал-жабдықтарды  және өзге де мүліктерді алып шығуға;

  1. Оқу тәртібін бұзғаны үшін жауапқа тарту

5.1. Оқу орнының ішкі тәртіп Ережесінде, колледж жатақханасының ішкі тәртіп Ережесінде, қарастырылған міндеттерді бір мәрте немесе жүйелі түрде  орындамағаны үшін төмендегі тәртіптік жаза шаралары қолданылады:

1) ескерту;

2) қатаң сөгіс;

3) жатақханадан шығару;

4) колледжден шығару;

5) Колледж бен жатақханадан шығару.

Білім алушылар төмендегідей жағдайларда жауапкершілікке тартылады:

  1. дәрісханаларды бөгде мақсатта қолданғаны үшін;
  2. оқу орнының мүлкіне нұқсан келтіргені үшін;
  3. сабаққа мас күйінде немесе есірткі заттардың әсерінде келгені үшін;
  4. сабақты 12 сағат мөлшерінде себепсіз босатқаны үшін;
  5. есірткі заттарды сақтаған, таратқан жағдайда;
  6. оқу орнында, жатақханада жарылғыш, химиялық қауіпті заттар немесе қару-жарақ сақтаған жағдайда;
  7. Қазақстан Республикасының заңнамаларында көрсетілген өзге де жат қылықтарды көрсеткен жағдайларда.
  8. Құжаттарға немқұрайды қарағаны үшін (оқушы билетін, сынақ кітапшасын т.б жоғалту), құжатты жоғалтқан жағдайда оның көшірмесі білім алушыға колледждегі барлық оқу мерзімінде бір рет қана қайта беріледі.
  9. Тәртіптік жаза қолданылатын кезде жат қылықтың дәрежесі, қандай жағдайларда жасалғаны, білім алушының бұл оқиғаға дейінгі мінез-құлқы мен оқу үлгерімі назарға алынады.
  10. Колледж білім алушылары Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес, колледж Жарғысы анықтаған заңға қайшы әрекеттерге барған жағдайда колледжден шығарылады.

Білім алушының оқудан шығарылуына негіз болатын  басқа да жайттар төмендегідей:

  • өз еркімен, сондай-ақ, ауруына байланысты немесе басқа оқу орнына ауысуға байланысты;
  • академиялық үлгерімі төмен (сессия кезінде алған нашар бағалардың саны үш немесе одан да көп болса, белгіленген уақытта академиялық қарыздарды өтемесе);
  • ақылы негізде білім алушылар оқу ақысын мерзімді уақытында төлемеген жағдайда;
  • жауапкершілікке тарту колледж директоры бұйрыққа қол қойғаннан кейін жүзеге асырылады.

 

Колледж студенттерін жатақханаға орналастыру тәртібі

 

  1. «Жарма технолгия колледжі» КММ-нің  екі  қабатты  2 жатақханасы бар.  Студенттерге арналған орын    саны-120. Жатақханаларда жуынатын бөлме, дәретхана, гигиена бөлмесі, киім үтіктейтін орын, теннис бөлмесі, медбике бөлмесі, студенттерге  теледидар қарайтын демалыс орны бар.

Жатақхананың 1- қабатында кітапхан орналасқан. Онда студенттерге когмпьютер, ИКТ құралдарымен жабдықталған 16 орындықты оқу залы бар.

  1. Штатта 1 күндізгі тәрбиеші, 6 түңгі тәрбиеші қызмет атқарады. Күндізгі тәрбиеші 14.00 – 20.00 сағ. аралығында түңгі тәрбиеші 20.00-08.00 аралығында кезектесе жұмыс істейді. Жыл сайын жаңа оқу жылында жатақхана кеңесі сайланады. Кеңес құрамында 15 студент бар. Тәрбиешілер «Жатақхана тәрбиешісінің қызметтік нұсқаулығына», ал жатақхана кеңесінің мүшелері «Жатақхана кеңесінің міндеттері» туралы ережеге сай жұмыс жасайды. Жатақхана тұрғындары тәрбиешілер мен жатақхана кеңесіне бағынуға міндетті.
  2. Жатақханаға студенттерді орналастыру ҚР Білім және Ғылым Министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 200 бұйрығымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына  сәйкес жүреді.

 

 

1-қосымша нысан

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақханалар беру туралы жолдама

 

( техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының атауы және мекен-жайы)

Азамат(ша) -----------------------------------------------------------------

( тегі,әкесінің аты (бар болса)

Жатақханаға орналасуға жіберемін.  Бөлме №

Жатақхананың--------------------------------------------- мекен-жайы

20___ ж.   «    » ____сағатта__________ келуді ұсынамын.

Директор_____________

 

20________ж. «    »___________

М.О.                                                                  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

2-қосымша

                                                                             Нысан

---------------------------------------------------------- директоры

 

( оқу орны директорының Т.А.Ә (бар болса)

------------------------------- мамандығы бойынша

--------------------------тобының

Студенті---------------

Т.А.Ә.(бар болса)

                            Өтініш

Маған жатақханадан бір орын беруіңізді сұраймын.

Келу

Орны---------------------------------------------------

20—ж. «      »  --------                                                       қолы

 

Жатақханаға  оқуға түскен барлық студенттер орналастырылады.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1)осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұйым басшысының атына жатақханадан орын беру туралы өтініш;

2)отбасы болған жағдайда, отбасының құрамы туралы анықтама;

3) Жетім балалар үшін ата-анасының қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі

4) отбасында 4 немесе одан да көп баланың болуы туралы анықтама

5) ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі №142-1 бұйрығымен

Жатақханаға алғаш келген студенттер «Жатақхананың ішкі тәртібі» және «Жатақхана тұрғындарының міндеттері мен құқықтары туралы ережесімен» таныстырылады. Жатақхана тұрғындарының күн тәртібі бекітілген.Күн тәртібіне сай сағат 21.00-ден кейін жатақханаға кіруге және шығуға тыйым салынады, 23.00-де демалу уақыты белгіленген. Жатақхана тұрғындарының қауіпсіздігі мен тәртібін бақылау мақсатында жатақхананың әр қабаттарында бейнебақылау камералары орнатылған.

Студенттердің бос уақытын тиімді пайдалану үшін әр қабатта теледидар орналасқан. 1 қабатта интернет-зал бөлмесі бар, онда жатақхана  тұрғындары қосымша білім алады , ол жер кешкі сағат 22.00-ге дейін істейді.

Жатақхана тұрғындарына бір-бірін сыйлау, құрметтеу, бірлесе жұмыс істеу, бауырмалдыққа үйрету,салауатты өмір салтын ұстануға бағыттау, рухани-адамгершілік, көркем-эстетикалық тәрбие беру мақсатында жатақхана тәрбиешілері, Жастар комитеті және жатақхана кеңесімен бірлесе тәрбие жоспары құрылып сол бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Салауатты өмір салтын ұстану бағытында әр түрлі спорттық іс-шаралар өткізіледі.Жатақханада тәрбие жоспарына сай әр түрлі іс-шаралар өтеді, айына 2 рет би кеші болады.

Жастар комитеті мен жатақхана кеңесі тығыз байланыста, бірлесе отырып көптеген мерекелік іс-шаралар жүргізіліп отырады.Әр сәрсенбі сайын жатақхана кеңесінің отырысы өтеді, оған жатақхана студенттер кеңесінің белсенді мүшелері қатысады.

                         Жатақхана ережесінен үзінді

 

Жарма технология колледжі жатақхана тұрғындарының Ережесі 

Жалпы Ереже

        Жатақханада колледж білім алушылары оқу мерзімі уақытында тұрады.

  1. Жатақхана бөлмелерін бөлу құқығы тек колледж директорына тиесілі және келісім шарт арқылы жүзеге асырылады.
  2. Жатақханада тұру ақысы бір оқу жылына толығымен төленеді. Төлем тиісті бұйрық негізінде анықталады.
  3. Тұрғындардың тіркелуі жатақхана әкімшілігі белгілеген тәртіп бойынша жүзеге асырылады. Ақысын тұрғын уақытылы төлейді.
  4. Жатақхана бөлмесіндегі мүліктер бөлме паспорты арқылы беріледі, комендант пен тұрғындардың қолдары қойылады. Мүліктерді иелігіне алған тұрғындарға мүлікті сақтау жауапкершілігі жүктеледі.
  5. Жатақханаға орналасу барысында санитарлық нормалар сақталуы тиіс.
  6. Жатақханаға тіркелу тәртібінің сақталуына құжат рәсімдеуші (паспортист) жауап береді.

 

Жатақхана тұрғындарының құқықтары:

  1. Тұрмыстық бөлме, душ, оқу залы, құрал-жабдықтарды, мәдени және тұрмыстық-коммуналдық негізде белгіленген құралдарды қолдануға;
  2. Жатақхана Кеңесі құрамын сайлауға және сайлануға, тәрбиелік, спорттық және түрлі басқа да қызметтер мәселесін шешуге қатысуға;
  3. Қолдануға келмейтін, істен шыққан заттар, жиһаз, көрпе-жастық және өзге жатақхана бұйымдары мен мүліктерін, сондай-ақ мәдени-тұрмыстық қызмет көрсетуді жаңартуды талап етуге құқылы.

Жатақхана тұрғындарының міндеттері:

  1. Ішкі тәртіп ережелерін қатаң сақтауға;
  2. Бөлмені таза ұстауға, уақытылы қоқыс қалдықтарын шығарып отыруға және бөлме кезекшілігін дұрыс атқаруға, ортақ тұрмыстық бөлмелерде тазалықты сақтауға;
  3. Жалпы пайдалануға берілген бөлме мен қоғамдық орындардың мүлік-бұйымдарын сақтауға және бүлдірмеуге;
  4. Жатақхананың электр қуаты мен суды үнемді пайдалануға;
  5. Жатақханада кезекшілік міндетін атқаруға;
  6. Өрт қауіпсіздігін сақтау ережесіне сәйкес электр және өзге де бұйымдарды жатақхана әкімшілігінің рұқсатынсыз қолданбауға, ережені сақтауға;
  7. Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес бүлінген мүлік-бұйымның құнын төлеуге;
  8. Жатақханадан шығарда төсек-орындарын, жатақхана мүлік-бұйымдарын уақтылы тапсыруға;
  9. Өзіне-өзі қызмет етуге байланысты жатақхананың қоғамдық жұмыстарына және іс-шараларға, сенбіліктерге қатысуға;
  10. Бөлмеден соңғы шыққан тұрғын жарықты сөндіруге, терезені және есікті жауып, кілтті вахтаға өткізуге міндетті.
  11. Сабаққа дайындық уақытында сағат 16.00-18.30 аралығында өзге жұмыстармен айналысуға тыйым салынады.
  12. Кешкі жаналықтарды теледидардан көру (сағ.19.00- 20.00);
  13. Жатақхана қысқы уақытта 19.30-да, жазғы уақытта 20.30- да жабылады, тұрғын жатақхана есігі жабылғанша кешікпей келуге міндетті.
  14. Ұялы телефон, бағалы заттардың жоғалуына жатақхана әкімшілігі жауап бермейді.

Жатақхана тұрғындарына тыйым салынады:

  1. Рұқсатсыз бөлме ауыстыруға, бір бөлмеден екінші бөлмеге жиһаздарды көшіруге;
  2. Рұқсатсыз электр көзін ауыстырып немесе жөндеуге, электр шамдарын ауыстыруға және қосымша жарық көздерін пайдалануға;
  3. Бөлмеде қатты ән салуға, радиоқабылдағыш, магнитофон дауысын көтеруге;
  4. Өрт тудыратын қауіпті заттарды және электр жылытқыштарды қолдануға;
  5. Қабырғаға хабарландыру, сабақ кестесін, фотосуреттерді т.б. жапсыруға;
  6. Қабырғаға шеге қағуға;
  7. Бөлмеде аяқ-бас жууға, кір киімдер жууға, аяқ киім тазалауға;
  8. Жатақханада мас күйінде жүруге, темекі шегуге, сағыз, ішімдіктер қолдануға және сақтауға қатаң тыйым салынады;
  9. Бөлмеге бөтен адамдарды ертіп келуге, түнеуге қалдыруға қатаң тыйым салынады.

 

Жатақхананың жалпы ережесін сақтамағанына байланысты жатақхана тұрғындарының жауапқа тартылуы:

  1. Колледж әкімшілігі жатақхана тұрғындарының бірыңғай талап ережесіне бағынуларын және сақтауларын талап етуге құқылы.
  2. Жатақхана тұрғындарының бірыңғай талап Ережесін сақтамағандарға төмендегідей тәртіптік шара қолданылады:
  3. Ескерту;
  4. Сөгіс;
  5. Қатаң сөгіс;
  6. Тәртіп бұзғаны үшін жатақханадан шығару.

 

Жатақхана Кеңесі мүшелерінің Ережесі

  1. Өзін-өзі басқаруды жүзеге асыру мақсатында жатақхана Кеңесі мүшелері сайланады;
  2. Кеңес мүшелерін жатақхана тұрғындары сайлайды;
  3. Жатақхананың ішкі тәртібі мен ережесіне сәйкес жатақхана тұрғындарының тәртібі мен санитарлық бақылауды іске асырады;
  4. Жатақхана Кеңесі мүшелері жатақхананың ішкі тәртібі мен ережесіне сай тұрғындардарға талап қоюға құқылы.

 

Жатақхана старостасының міндеттері:

  1. Жатақхана тұрғындарының ішкі тәртіп Ережесін сақтауын қадағалайды;
  2. Қабаттардың санитарлық тазалығын бақылауды іске асырады;
  3. Тұрғындардың қоғамдық жұмыстарға қатысуын қамтамасыз етеді;
  4. Бөлме кезекшілерінің, қабат кезекшілерінің міндеттерін қадағалайды.

 

Тазалық секторының міндеттері:

  1. Қабатпен бөлмелердің санитарлық-гигиеналық тазалығын қадағалау;
  2. Қабат кезекшілігін ұйымдастыру;
  3. Тұрмыстық бөлме тазалығын тексеру;
  4. Бөлменің тазалығын бақылау, санитарлық дәптеріне белгілеу;
  5. Тазалық секторының нұсқауы жатақхана тұрғындарының барлығына міндетті болып табылады.

 

Бөлме старостасының міндеттері:

Бөлме старостасын бөлме тұрғындары сайлайды. Жатақхана әкімшілігінің ұсынысымен келісілген ұсынысты жатақхана коменданты бекітеді.

Бөлме старостасының құқығы:

  1. Жатақхананың бірыңғай талап Ережесінің орындалуын;
  2. Бөлмедегі мүліктерге ұқыпты қарауды;
  3. Бөлмені санитарлық-гигиеналық талапқа сай ұстауды;
  4. Бөлме тұрғындары туралы мәліметтерді білуі керек;
  5. Тұрғындардың тәртібін қадағалауға;
  6. Тұрғынның бөлмеге себепсіз қонбағаны жөнінде ақпарат беруге;
  7. Бөлмедегі кезекшілікті ұйымдастыруға;
  8. Бөлмедегі артық заттардың жүк қоймасына өткізілуін қадағалау.

 

Жатақхана кезекшісінің міндеттері:

Қабат кезекшігі тазалық секторы құрған кестеге сәйкес жұмыс жүргізеді.

  1. Кезекші міндетін атқарған уақытында өз орнында отыруға;
  2. Қабаттағы қоғамдық орындарда тазалық сақталуын бақылау;
  3. Қабатқа басқа қабат тұрғындарының және бөтен адамдардың рұқсатсыз кірмеуін қадағалау;
  4. Коменданттың,тәрбиешінің рұқсатынсыз мүліктерді,заттарды сыртқа шығартпау;
  5. Техникалық қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қадағалау;
  6. Өрт немесе басқа да апатты жағдайлар (су құбырларының авариясы және т.б.) туындай қалған жағдайда кезекші вахтерға ескертуі тиіс.

Бөлме кезекшісінің міндеттері

     Бөлме кезекшілігі бөлме старостасы құрған кестеге сәйкес тағайындалады және бөлме (қабат) старостасына, қабат тазалық секторына, жатақхана комендантына және тәрбиешіге бағынады.

  1. Қабат тұрғындарының күн тәртібі және ішкі бірыңғай талап Ережесін сақтауын қатаң түрде бақылап отыруға;
  2. Кезекшілік кезінде бөлмені уақытында жинап, онда тазалықты және тәртіпті сақтауға;
  3. Жабдықтар мен мүліктердің сақталуын бақылау, жоғалған немесе бүлінген жағдайда оны старостаға хабарлауға;
  4. Төсектердің дұрыс және уақытында жиналуын бақылау және тұрғындардың бөлмеге лас аяқ киім мен лас киіммен кіруіне қатаң тыйым салуға;
  5. Тұрғындардың сырт киіммен төсекке жатуына, темекі шегуге, шу көтерулеріне, ішімдікті қолдануға, бөтен адамдарды кіргізуге немесе олардың жатақханада түнеуіне қатаң тыйым салуға;
  6. Тұрғындар ауырып қалған жағдайда тәрбиешіге ескертуге, жақын жердегі медициналық мекемеге хабарлауға;
  7. Өрт немесе басқа да апатты жағдайлар (су құбырларының авариясы және т.б.) туындай қалған жағдайда кезекші вахтерға хабарлау

 

Қосымша ережелер

 

  1. ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 442, 132-баптарына сәйкес кәмелеттік жасқа толмаған студенттердің түнгі сағат 22.00-ден кейін заңды өкілінің (ата-анасының) еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тысқары аумақтарында жүруіне тыйым салынады. Егер студент құқық бұзушылыққа жол берсе, ата-анасы, заңды өкілі, қамқоршысы заң алдында жауап береді және колледжден шығару мәселесі қаралады.
  2. ҚР Қылмыстық Кодексінің кез келген бабына сәйкес қылмыстық іс, бұзақылық (ұрлық, төбелес, әлімжеттік көрсету т.б.) жасаған студенттер оқудан шығарылады.
  3. ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 3-тарауының 10-бабына және Колледждің ішкі еңбек тәртібіне сәйкес кәмелеттік жасқа толмаған студенттерге (І, ІІ курс студенттері) отбасын құруға тыйым салынады.
  4. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес ата-ана немесе заңды өкіл, қамқоршы – кәмелеттік жасқа толмаған балаға жауапты тұлға. Сондықтан, әр ата-ана кәмелеттік жасқа толмаған баласының іс-әрекетіне заң алдында жауапты екенін ұмытпағаны абзал.

 

Кабинеттер мен шеберханалар, зертханалар тізімі

 

 

 

Кабинет номері

Кабинет меңгерушісі

Кабинет атауы

Жауапты топ жетекшісі мен топ шебері

О  Қ  У     К  А  Б  И  Н  Е  Т  Т  Е  Р  І

1

 

Калиева Гүлжан Аманбековна

Тамақ дайындау технологиясы

 

Калиева Г.А.

Итбаева Р.И.

 

2

Жумабеков Бапын Хасенович

Алғашқы әскери дайындық

Жумабеков Б.Х.

Мухаев Д.С.

3

Мухамедиева Айжан Еркіновна

Жолда жүру ережелері

Мухамедиева А.Е.

Оразгалиев Қ.К.

4

Агиева Гульмира Сакеновна

Трактор және автомобиль көлігінің жүріс бөлігі

Агиева Г.С.

Ақмолдин Қ.М.

5

Алченбаев Ертай Хабдулович

Трактор және автокөлік қозғалтқыштары

Алченбаев Е.Х.

Калимбеков С.Б.

6

Көжебаева Сымбат Касымжановна

Экономика және бухгалтерлік есеп

Көжебаева С.К.

Омаров Т.А.

7

Бектурганов Бекболат Толегенович

Элекр газымен дәнекерлеу

Аскарбекова Г.А.

11

Омаров Тұрдыбек Асенгазиевич

Ауыл шаруашылығының өндірісі

Омаров Т.А.

12

Ибраева Айым Қуанышевна

Тілдер

Ибраева А.Қ.

13

Атанова Алия Зуфировна

Тарих

Атанова А.З.

Жакенова А.К.

14

Аскарбекова Гульжанат Акановна

Тігін технологиясы

Аскарбекова Г.А.

15

Тунгатова Гульжан Слямовна

Ақпараттық технология

Тунгатова Г.С.

16

Бутабаева Гульзат Кабылашыновна

Физика

Бутабаева Г.К.

Сеитказин Б.К.

17

Жумагалиева Кульжанат Махсутовна

Информатика

Жумагалиева К.М.

Тонтаев М.Б.

18

 

Математика

 

Ш  Е  Б  Е  Р  Х  А  Н  А  Л  А  Р

Шеберхана номері

Шеберхана меңгерушісі

Шеберхана атауы

Жауапты өндіріс шебері

1

Мухаев Дархан Серикканович

Слесарлық іс-шеберханасы

Мухаев Д.С.

2

Тонтаев мұрат Байтурганович

Ағаш шеберханасы

Тонтаев М.Б.

3

Тунгатарова Рысты Абишевна

Ауылшаруашылық машинасы шеберханасы

Тунгатарова Р.А.

9

Мухаев Дархан Серикканович

Токарлық іс шеберханасы

 

10

Калимбеков Серикбек Базарбекович

Автокөлікке техникалық қызмет көрсету және жөндеу шеберханасы

Калимбеков С.Б.

11

Аскарбекова Гульжанат Акановна

Тігін шеберханасы

Аскарбекова Г.А.

З  Е  Р  Т  Х  А  Н  А  Л  А  Р

4

Ахмолдин Қайрат Магзумович

Іштен жану қозғалтқыш зертханасы

Ахмолдин Қ.М.

5

Оразгалиев Қуат Камаданович

Автокөлік зертханасы

Оразгалиев Қ.К.

6

Токашев Мухтарғазы Михайлович

Электр қондырғылары зертханасы

Токашев М.М.

7

Капиев Мерхат

Электрмен дәнекерлеу зертханасы

Капиев М.

8

Сеитказин Бейбит Кубайдуллинович

Ветеринарлық өңдеу зертханасы

Сеитказин Б.К.

12

Итбаева Райгуль Ибрагимовна

Аспазшы зертханасы

Итбаева Р.И.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Колледжде жүргізілетін үйірмелер, секциялар, факультативтер

2017-2018 оқу жылындағы ПӘК үйірмелері

Үйірме атауы

Бағыты

Жетекшісі

Жұмыс күндері

1

«Шабыт» өзін өзі басқару ұйымы

Жастар шығармашылық орталығы

Кусаинова Ж.К.

 

2

Көркемөнерпаздар үйірмесі

Жастар шығармашылық орталығы

Оспанов С.К.

 

3

Волейбол спорт секциясы

Салауатты өмір салты

Жакупов Р.Д.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Педагогикалық колледжі студент жігіттерінің

ар-намыс КОДЕКСІ

  1. Колледждің студент жігіттері әкімшілік пен оқытушылар және инфрақұрлым қызметкерлері арасында шынайы демократиялық, өзара сыйластық қарым-қатынас құрып, мәдениет пен этиканың жоғары үлгісін көрсетуге, әрқашан да әдепті болуға міндетті.
  2. Кәсіби білімді терең меңгерген, заман талабына сай бейімделе алатын, бәсекеге қабілетті, Отан алдындағы борышын адал өтейтін, қоғам сұранысына сай білікті маман ретінде қалыптасу жолында бар ынта- жігерін салып, құзырлылық танытуға міндетті.
  3. Колледж жігіттері ержүректілік пен қайсарлық шеберлікті ұштап қана қоймай студенттік белсенділікті дамытуға, өзін-өзі басқару жүйесін нығайтуға бағытталған білім, ғылым, спорт, шығармашылық, азаматтық іс-шараларды қолдауға және ат салысуға жауапты.
  4. Халқымыздың ғасырлар бойы тәрбие саласында жинақтаған тәжірибесіндегі қазақ жігітіне тән алты қасиет (зерде, өнер, ерлік, жігер, қайрат, білім) пен үш мінезді (адал болу, әділетті болу, шыншыл болу) бойында қалыптастыруға міндетті.
  5. Ел намысын бетке ұстар ер-азаматтар оқу орнының ілгері дамуына үлес қосатын, тұлғалы азамат ретінде ұйымдастырылатын барлық жұмыстар мен іс-шараларға белсенді түрде қатысуға және студенттік этика қағидаларын сақтап, жүріс- тұрысын, киім кию мәдениетінде ұқыпты болуға жауапты.
  6. Имандылықты ту етіп ұстанған студент жігіттер қашанда болсын және қай жерде болсын қылмыстық іс жасамауға, келеңсіз, заңсыз жағдайларға жол бермеуге жауапты.
  7. Колледждің студент жігіттері осы кодекс ережелерінің бұзылуына қатысты жағдайды талқылап, дұрыс шешуге және жалпы ұйымдастыру жұмыстарына байланысты өз пікірін айтуға құқылы және міндетті.

Ұлттық рухымызды биік ұстап, жігерімізді жасытпай, абыройымызды   асқақтатып, иманымызды берік етіп, намысымызды түсірмей, Отан қорғауға дайын нағыз ер жігіт бола білейік! 

Студент жігіттердің  жалпы

жиналысы , (күні, жылы)

 

Педагогикалық колледжінің

 студент қыз балаларының ар-намыс

К О Д Е К С І

  1. Колледждің студент қыздары әкімшілік пен оқытушылар және инфрақұрылым қызметкерлері арасында шынайы демократиялық, өзара сыйластық қарым-қатынас құрып, мәдениет пен этиканың жоғары үлгісін көрсетуге, әрқашанда әдепті болуға міндетті.
  2. Қоғамның рухани құндылықтарының сабақтастығы мен экономиканың өркендеуін қамтамасыз ететін өз елінің патриоты, елінің тарихы мен мәдениетін және ғылымдағы, әдебиеттегі, өнердегі жетістіктерін білетін жоғары білімді зиялы тұлға, мемлекет пен қоғам өміріне қатысатын белсенді азаматша ретінде қалыптасып, колледж өміріндегі қоғамдық іс-шараларға белсенді түрде атсалысуға жауапты.
  3. Қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін бойына сіңіре отырып, шаңырақтың құт-берекесі екенін ұғынуға, әдептілікке, инабаттылыққа, имандылыққа баулып, ар тазалығын жоғары ұстауға жауапты.
  4. Ұлтжандылық, өз ұлтын сүю және өз халқы үшін аянбай еңбек ету, ұлттық мүддені қорғау, ұлттық идеология мен менталитетті қастерлеу, сонымен қатар, басқа ұлт өкілдеріне құрметпен қарап, толеранттылықтың жоғары үлгісін көрсетуге жауапты.
  5. Қыз балалар бойында еңбек мотивациясын, жоғары іскерлік белсенділікті, кәсіби білім алу мен еңбек саласында тиімді дағдылар мен негізгі ұстанымдарды табысты меңгеруге, оқу орнының мәртебесін көтеріп, көркеюіне атсалысуға, кәсіби мамандығына сай киіну мәдениетін сақтауға міндетті.
  6. Өздерін мәдениетті ұстап, қыз балаға тән этика қағидаларын ұстанып, ізгілік пен парасаттылық гармониясын бұзбай, мәдени дамудың биік үлгісін көрсетіп, демалыс уақыттарын мәдениетті ұйымдастыруға, салауатты өмір салтын сақтай білуге міндетті.
  7. Колледж қыз балалары осы кодекс ережелерінің бұзылуына қатысты жағдайды талқылап шешуге және жалпы ұйымдастыру жұмыстарына байланысты өз пікірін айтуға құқылы және міндетті.

Студент қыздардың жалпы

жиналысында қабылданған

(күні, жылы)